Ақтаудағы тұрғын үйлердің бірінің лифтінен өлі дене табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтаудағы 28 шағынаудандағы тұрғын үйлердің біріндегі жеделсаты ішінен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Lada.kz.
29 қараша күні кешкі сағат 19:09 шамасында полиция басқармасының кезекші бөліміне 28-ші шағынаудандағы үйлердің біріндегі лифтіде ер адамның мәйіті жатқаны туралы хабарлама түскен.
Шақырту түскен мекенжайға полиция басқармасының жедел-тергеу тобы дереу жетті. Аталмыш дерек Ақтау полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 001-бабы (жеке тұлғаның өлімі) бойынша тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - делінген Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбеде жатақхана отқа оранды
Өзгелердің жаңалығы