Ақтауда жүк көлігін жолға тастап қашқан жүргізуші іздестірілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда жолдың жиегіне жүк көлігін тастап кеткен жүргізуші екінші тәулік іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды 24.kz.
Көлік жүргізушісі қораптағы топырақты асфальтқа төгіп кеткен. 18 наурыз күні көліктік бақылау инспекциясы қала сыртындағы трассада «МАЗ» маркалы машинаны тоқтатады. Таразыда өлшеу кезінде жүк көлігінің 40,5 тонна топырақ әкеле жатқаны белгілі болады.
Бұл санаттағы көліктің жүк көтеру қауқары 25 тонна. Оны тізгіндеген ер адам заңды талаптарға бағынбай, басқа көлікке мініп қашып кетті, – дейді инспекторлар.
Қазіргі уақытта күдіктінің мекенжайы мен жүк көлігі тиесілі мекеме анықталып жатыр.
«МАЗ» автокөлігінің иесі келіп, жүргізушіні салып алып кеткен. Осы бойынша жергілікті органдарға, учаскелік инспекторларға хабарланды. Қазақстан Республикасының әкімшілік-құқық бұзушылық туралы Кодексінің 571-бабының 6-бөлімі бойынша хаттама толтырылады. Қазіргі таңда бұл автокөліктің иесі анықталып, инспекция қызметкерлерімен алдыртамыз. Автокөлік айып салу тұрағына қамалады, – деді аймақтық көлік инспекциясы бөлімінің бас маманы Мұхит Аманқосов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өткен тәулікте 819 адам коронавирустан емделіп шықты
Келесі жаңалық
Сенат алдағы отырыстың күн тәртібін бекітті
Өзгелердің жаңалығы