Ақтауда суицид жасаған күйеуінің артынан секірмек болған әйел құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда әйел көпқабатты тұрғын үйден секірген күйеуінің соңынан қоса секірмек болған.

Бұл туралы Лада.kz  жазды.

Ақтаудағы 17-шағын аудандағы үйлердің біріндегі оқыс оқиға туралы хабарлама жедел басқару орталығының пультіне 5 желтоқсан күні сағат 19:35-те келіп түскен. Онда көпқабатты үйдің 7-қабатынан ер адам құлап түсіп, қайтыс болғаны хабарланған, - делінген өңірдің полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

5 минут ішінде тәртіп сақшылары оқиға орнына жеткен. 

Пәтерге келген жол полицейлері Мәди Ақнияз, Әділ Жолкигіков пен учаскелік инспектор Мақсат Ишберген ер адамның соңынан әйелі де секірмек болғанын анықтаған.

Пәтер есігі ашық болды. Алайда туысқандары әйел қорқып кетпесін деп кіруге дәті жетпей тұрған. Мақсат Ишберген туысқандарына ымдап, кедергі жасамауларын сұраған. Инспектор дереу әйелге жүгіріп барып, ең соңғы мезетте оны ұстап үлгерген, - делінген хабарламада.

Кейіннен әйелдің Маңғыстау облыстық ауруханаға жеткізілгені белгілі болды

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы