Ақтауда Назарбаевқа арналған саябақтың құрылысы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ақтау қаласында бой көтеретін ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған саябақтың жобасы таныстырылды. Құрылыспен Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов танысты.
Саябақ қаланың жаңа 40 шағын ауданында орналасады. Нысанның жалпы көлемі 23 га. Онда қала тұрғындарының белсенді демалуына арналған алаңдар, бірнеше саябақтар мен серуендеу аймақтары болады. Гүлдер аллеясы, музыкалық субұрқағы, балалар ойын алаңдары, спорттық жүгіру және велосипед жолдары орнатылады. Саябақта тамшылатып суару жүйесі жүргізіліп, демалушыларды желден қорғайтын қорғаныш болады, - делінген Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінде.
Демалыс орны «BS stroy» ЖШС-нің жеке қаражаты есебінен тұрғызылады. Үлкен саябақтың құрылысын 2026 жылы толық аяқтау жоспарланып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қырғызстан мен Тәжікстан атысты толық тоқтату туралы келісті
Өзгелердің жаңалығы