Ақтауда минивэн аударылды: Жүргізуші ауруханаға жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол оқиғасы 7 тамызға қараған түні 27 және 28 шағын аудандар арасындағы автожолда болған, деп хабарлады облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апатын түнгі сағат 02:35-те 28 шағын аудандағы «Рауан» мейрамханасына қарама-қарсы патрульдік полиция батальонының экипажы байқаған.

Toyota Alphard минивэнінің жүргізушісі жол жиегіне шығып, рөлді басқара алмағай, аударылып кеткені белгілі болды. Медициналық куәландыру оның орташа мас күйінде болғанын көрсетті.

Зардап шеккен адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.

Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды (жүргізушінің мас күйінде көлік құралын басқаруы, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарының, жүктердің, жол және өзге де құрылыстардың не өзге мүліктің бүлінуіне әкеп соққан).

Енді жүргізуші 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылады.

Автокөлік айып тұрағына қамалды.

Куәгерлердің айтуынша, құлаған минивэн шамамен 150 метр қашықтыққа дейін сырғыған.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы