Мектепте таяқ жеген жасөспірімге қатысты тергеудің мән-жайы белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының полициясы мектеп дәретханасында таяқ жеген жасөспірімге қатысты тергеудің егжей-тегжейін мәлім етті.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Төбелеске қатысқан тұлғалар анықталғаны айтылды.
Қылмыстық жауапкершілік тартылатындар – кәмелет жасына толмағандар. Олардың ата-аналарына қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданады, балалар есепке алынады, – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.Бұған дейін зардап шеккен бала өзімен қатарлас сынып оқушыларына ақша беруден бас тартқаны, содан кейін олар оған қарсы жұдырық ала жүгіргені хабарланды.
Ол ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті. Дәрігерлер кем дегенде тағы екі апта болатынын айтқан еді. Жасөспірімде ми гематомасы екені, жақ сүйегі сынғаны белгілі болған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырауда азық-түлік қоймасы өртенді
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы