Ақтауда ерекше жандарға арналған әткеншек орнатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай кәсіпкер азаматтар Ақтауға қос әткеншек сыйға тартты. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

1 қараша күні өңір басшысы Н.Ноғаев мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдады. Жиын соңында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кедергісіз орта қалыстастыру бағытында бірнеше тапсырма берген болатын. 

Бүгін қала әкімі Н.Қилыбай шаһарда алғаш рет орнатылған әткеншектерді ақтаулық ерекше тұрғындармен бірге барып, қызықтады. 

Әткеншектердің бірінде 3 тербелгіштен, ал екіншісінде ойын балаларымен қатар мүмкіндігі шектеулі ересектер мен ерекше балаларға арналған тербелгіші бар.

Арнайы механизіммен құрастырылған әткеншекке мүгедектер арбасымен бірге отыруға және ата-анасы үшін тербетуге де ыңғайлы. 

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар қоғамның бір мүшесі. Ерекше балалар мен ата-аналарына жақсы көңіл күй сыйлау мақсатында осындай дүние орнаттық. Осы жерге орнатуымыздың өзіндік себебі бар. Жақында 19 А шағынауданнан мүмкіндігі шектеулі жандарға пәтерлер берген болатынбыз. Сондықтан, оларға келуге ыңғайлы әрі қолжетімді жерде болуы үшін Ә. Кекілбайұлы атындағы облыстық музей жанына орнатуды жөн көрдік. Сонымен қатар, осы жерге жақын шағынаудан балалары да әткеншек тебе алады. Кәсіпкер азаматтарға Алғыс айтамын, - деді қала әкімі Н.Қилыбай. 

Сонымен қатар қала басшысы қажеттілігіне қарай ерекше әткеншектер санын арттыру жоспарда бар екенін жеткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы