Ақтауда дәмханада жарылыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала тұрғындарының айтуынша, жарылыс 7 қараша күні кешкі сағат 21:20 шамасында болған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Министрліктің хабарлауынша, 29А ықшамауданында екі қабатты «Аянат» дәмханасында белгісіз жағдайда жарылыс болып, оның салдарынан құрылым толығымен қираған. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Жарылыс себебі мен қирау аймағын анықтау жұмыстары жүріп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең Қарағанды облысында Абай шахтасында жарылыс болып 6 адам қаза болған. Сондай-ақ Ақмола облысында газ жарылып бір адам көз жұмған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Канело" - әлемнің абсолют чемпионы
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы