Ақтауда Бокс орталығы ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда жыл сайын зәулім ғимараттар мен сан түрлі нысандар бой көтеруде. Қаланың көркі мен сәулетін аша түсетін тағы бір кешен - бокс орталығы болмақ. 

Бұл туралы Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің маманы Еркін Жауқан хабарлады.

Жаңа нысан Тәуелсіздік күні қарсаңында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.


17-шағынауданда орналасқан нысанның сыйымдылығы 20 мың шаршы метр. Мұнда 6 спорт түрі бойынша жаттығу жасауға мүмкіндік болады. Олар: қазақ күресі, бокс, грек-рим күресі, каратэ, таеквондо және ауыр атлетика.


Спорт кешенінің жанында 99 адамға арналған қонақ үй бар. Алыс-жақыннан келген спортшылар мұнда емін-еркін демалып, жарысқа қатысуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ сыртында жүзу бассейні, баскетбол, волейбол, футбол стадиондары орналасқан, - деді Еркін Жауқан.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы