Ақтауда 6 жасар қыз суға батып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда 2015 жылы туған қыз бала суға батып кетті. Бұл туралы Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасы хабарлады.
2015 жылы туған қыз бала Ақтауда 27 маусымда суға кеткен. Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына 21:15-те қыздың жансыз денесі жеткізілді.Куәгерлердің айтуынша, бала қалалық жағажайда әпкесімен бірге шомылған. Батыр ауылында тұратын қыз баланың ата-анасы сол уақытта қасында болған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы