Ақтауда 4 қыз теңізге ағып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таңертең теңізде сапбордпен жүзіп жүрген 4 қыз суға ағып кетті, деп хабарлады Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмысы қызметі.
Оқиға бүгін таңертең шамамен 08:00-де 1-шағынауданда болған.
8:10-да кезекшіге теңізге ағып кеткен қыздар туралы хабарлама түскен.
8:20-да құтқарушылар оларды жағалауға алып шығып, дәрігерлерге табыстады.
Үш бойжеткен – 2002 жылғы, біреуі 2003 жылғы болып шықты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде 3 730 920 адам вакцинаның II компонентін салдырды
Өзгелердің жаңалығы