Ақтауда 1,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсынің мәліметінше, құрылыс жұмыстарының көлемі 19,6%-ға өсіп, 140,1 млрд теңгені құраған. 

«Нұрлы жер»  бағдарламасы аясында 901,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Жалпы, Ақтауда 70-тен астам көпқабатты тұрғын үй салынып, жылына 1,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының тиісті бағыттарын іске асыру мақсатында 10,9 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде биыл жалпы ауданы 24 мың шаршы метр болатын 352 пәтерлік тұрғын үйлердің құрылысы аяқталып, 67 пәтер сатып алынады. Осы үйлердің 215-і көпбалалы отбасыларға беріледі. 

Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, қала тұрғындарына Ақтау қаласында 150 пәтер сатып алуға «Өзенмұнайгаз» компаниясы 1,5 млрд теңге бөлді. Барлық сатып алынатын пәтерлер жалға берілетін болады. Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Бұл үйлердің басым бөлігі «7-20-25» бағдарламасы аясында пайдалануға беріледі. 

Бүгінгі таңда екінші деңгейлі банктер 8,2 млрд теңге бөлді, 809 өтінім мақұлданды. Сонымен қатар «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 163 өтініш мақұлданды (Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі), 153 отбасы пәтер алды, оның ішінде 126 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы