Ақсулық металлургтер 800 түп ағаш отырғызды
Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңіріндегі Ақсу ферроқорытпа зауытының мамандары қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, 800 түп ағаш отырғызды.
Қарағай, шаған және ақ талдардың жас көшеттері кәсіпорынның аумағы мен Ертіс өзенінің жайылымына отырғызылды. Мәселен, 500-ден астам қарағай зауытқа қарасты балалар лагерінің аумағына салынды. Аяз түскенге дейін ағаштарды суарумен металлургтер өздері айналысады. Ал көктем-жаз айларында заманауи суару жүйесі пайда болады.
Бұл өсімдіктерді «Жерге бақша сыйла» қоғамдық бірлестігі ұсынған.
Зауыт мамандары ағаш отырғызуды игі дәстүрге айналдарған. Соңғы бірнеше жыл бойы кәсіпорын айналасында жасыл белдеу құрып жатқан жайымыз бар. Осы шаралар жыл сайын көктемде ұйымдастылыдатын. Биылғы жылы пандемияның кесірінен отырғызу жұмыстарын кейінгіге қалдыруға тура келді. Кәсіпорын экологиялық бастамаларды қолға алған. Мәселен, газ тазарту жүйелерін кезең-кезеңмен жаңартып жатырмыз. Қалдықтарды қайта өңдеудің алдыңғы қатарлы технологияларын енгізудеміз, - дейді зауыт басшысы Сергей Прокопьев.
Айта кетейік, зауыт мамандары ағаш отырғызу бойынша кәсіби мамандардың кеңесіне жүгінген. «Жерге бақша сыйла» бірлестігінің басшысы Юрий Гашектің нұсқамасы алған.
Біз жыл сайын Ақсу қаласына өз тәлімбағымызда өсірілген жүздеген ағашты сыйға тартамыз. Бізден көшет алғандар өсімдіктерді жүйелі түрде суарып, отырғызу орнын фотоесеп ретінде көрсету керек. Оларға осындай талап қоямыз, - дейді Юрий Гашек.
Ақсу фероқорытпа зауыты соңғы бес жылішінде 500-ден астам қайың мен пирамидалы терек отырғызған. Алдағы алты жыл ішінде үш мыңнан астам ағаштан құралған жасыл белдеу құрылмақ.