Ақсудың 60 жылдық мерейтойына орай көрме ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақсу қаласының орталықтандырылған кітапханасында Тәуелсіздіктің 30 және қаланың 60 жылдық мерейтойларына арналған «Менің Отаным – менің мақтанышым!» атты белгілі суретші Анатолий Сосницкийдің сурет көрмесінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Аталмыш іс-шараға суретшінің жақындары мен қаламдастары жиналды. Жүрек түкпіріндегі сырын сурет әлеміне сыйғызып, сол сурет арқылы өз сезімін көпшілікке ұсынып жүрген суретші Анатолий Кондратьевич 1949 жылы 14 маусым күні Қарағанды облысы, Долинка кентінде дүниеге келді. 1964 жылы Қарағанды облысының Малая Сарань поселкесіне көшіп келеді. Сарань қаласындағы №2 мектепті алтын медальға бітіріп, Қарағанды педагогикалық институтына оқуға түседі. Ұстаздық жолда 25 жыл қызмет атқарады.
1995 жылы отбасымен Ақсу қаласына қоныс аударады. Ақсу ферроқорытпа зауытына слесарь болып жұмысқа орналасып, 18 жыл жұмыс істегеннен кейін зейнетке шығады. Айтуынша, зейнетке шыққаннан кейін шахмат пен сурет салуға қызығушылығы артқан.
Үйде отырып, өзімді дамытқым келді. Бау-бақшамен айналыстым. Сөйте келе, шығармашылығымның алғашқы сатысы пейзаж салумен басталды. Одан портрет салуға көштім. Портрет салу оңай емес. Оны суретшілер жақсы түсінеді. Суретші адам әрдайым ізденісте жүреді. Оған жан бітіруге тырысамын. Әлі де ізденіс үстіндемін, - деді ол.Шара барысында Жаяу Мұса атындағы жоғары көпсалалы колледжінің мұғалімі Бағира Жакипова «Ақсуға» арнау өлеңін шырқады. Одан соң, жергілікті суретші Урумбай Мұхамедиев ақжарма тілегін айтты.
Жұма күні кітапханаға барған едім. Дәл сол күні суретші Анатолий Сосницкиймен бетпе-бет жүздесіп қалдым. Ол кісі портрет рамасының шетін бояп отыр екен. Біраз әңгімелестік. Сол сәтте менің де сурет салуға деген қызығушылығым артты. Шабыт бергеннен кейін үйге келісімен бірден портрет салуды бастадым. Суретшінің шығармашылығына басымды иемін, - дейді қала тұрғыны Айсұлу Сұлтанова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Азия чемпионатында кезекті жүлде қоржынға түсті
Өзгелердің жаңалығы