Ақсуда әйел сауда үйінен косметика ұрлап кеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақсу қаласының полицейлері косметикалық құралдарды ұрлады деген күдікке ілінген әйелді ұстады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Бірнеше күн бұрын Әуезов көшесінде орналасқан сауда орталығынан белгісіз біреу касса арқылы жалпы құны 10 000 теңгеден асатын 3 құты лосьон мен 4 бальзам түтігін алып өткені туралы хабарлама түсті. Ол тауарлар үшін ақы төлемеген, - деді полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Сауда залы бейнебақылау жүйесімен жабдықталғандықтан, полиция қызметкерлері белгісіз әйел сөреден косметиканы қалай алып, дүкеннен шығып кеткенін анықтады. Ол жанында ешкім жоқ сәтті пайдаланған.
Полиция қызметкерлері қажетті тергеу әрекеттерін жүргізді.
Қазіргі уақытта оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 187-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы