АҚШ вице-президентінің аппарат басшысы коронавирус жұқтырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ вице-президенті Майк Пенстің аппарат басшысы Марк Шорт коронавирусқа шалдығып, карантинге жатқызылды. 

Ал Пенстің коронавирусқа тапсырған тесті теріс нәтиже берген, деп хабарлайды Axios Ақ үйдің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып.

Шорт кіммен байланысқа түскенін анықтауға көмектесіп жатыр. Вице-президент Пенс Шортпен тығыз байланыста болды деп саналғанымен, Ақ үйдің медициналық қызметімен кеңескеннен кейін вице-президент CDC нұсқауларына сәйкес (Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы) өз кестесіне сәйкес жұмысын жалғастырады, - делінген хабарламада.

АҚШ Президенті Дональд Трамптың және оның әйелі мен ұлы қазан айының басында коронавируспен ауырған болатын. Олардан басқа Ақ үйде жиырмадан астам адам індет жұқтырды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы