АҚШ-тың жаңа президенті міндетті маска режимін енгізуге шешім қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Байденнің кеңесшісі тиісті талаптарға сәйкес жаңа сайланған президент губернаторларға қоңырау шалатынын айтты. Бас тартқан жағдайда Байден қала әкімдеріне қысым жасайды.
АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Джо Байден алдағы күндері барлық Штаттың губернаторларына міндетті маска тағу режимін енгізуге қатысты телефон шалатын болады, өйткені Сovid-19 коронавирустық пандемиясы қыс түсісімен өршіп барады. Бұл туралы Байденнің аға кеңесшісі мәлімдеді, деп хабарлайды NBC News.
Егер губернатор бас тартатын болса, ол Штаттардағы әкімдерге арнайы барып, олардың міндетті түрде маска тағу режимін енгізуді сұрайды. Көптеген Штатта мэрлер мандат орната алады, - деді кеңесші.
Байден командасы федералды мекемелерде де маска тағу талабын енгізуді қарастыруда. Айта кету керек, бұған дейін Дональд Трамп әкімшілігі мемлекет басшысының өзі және оның бірқатар жоғары лауазымды тұлғалары мен көмекшілері, соның ішінде әкімшілік басшысы Марк Медоуз коронавирус жұқтырғаннан кейін демасқа тағу режимін енгізбеген болатын.