АҚШ мемдепартаменті Ауғанстаннан эвакуацияланған адамдар саны туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауғанстаннан 120 мыңнан астам адам эвакуацияланды, деп мәлімдеді АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Венди Шерман.

Біздің одақтастар мен серіктестер Ауғанстаннан 120 мыңнан астам американдықтарды, шетелдік азаматтарды және ауғандықтарды тасымалдауды ұйымдастыруға көмектесті, – деп жазды Шерман өзінің Twitter -дегі парақшасында.
Бұған дейін Мемлекеттік департамент Америка Құрама Штаттары «Талибан» радикалды қозғалысымен (Қазақстанда тыйым салынған) бірқатар мәселелер бойынша ынтымақтастықта болғанын, бұл өзара әрекеттестікті жалғастыруға болатынын хабарлаған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы