АҚШ-тың экс-Мемлекеттік хатшысы: Қазақстанның қауіпсіз мемлекетке айналғанын мойындаймын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. АҚШ-тың экс-Мемлекеттік хатшысы Джеймс Бейкер қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, Елбасының еңбегін ерекше атап өтті.
Ол өзінің видеоүндеуін Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Көшбасшылық. Тұрақтылық. Өрлеу» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға жолдады.
Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығы «Қазақстанды құру» ұғымына пара-пара. Халықаралық дипломатияның маңыздылығын түсінетін адам ретінде оның жеке ықпалы арқылы Қазақстан 1990 жылдардың басындағы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін тәуелсіздігін алған және ТМД қалыптасқан тұстағымен салыстырғанда әлдеқайда гүлденгенін және қауіпсіз мемлекетке айналғанын мойындаймын, - деді Джеймс Бейкер.
Айтуынша, Елбасының президент кезіндегі әлемдік аренадағы жетістігі шетелдік серіктестермен көпвекторлы сыртқы саясат құруға мүмкіндік берді. Ол бүкіл әлемдегі замандастарымен жеке қарым-қатынас орнатудың ерекше қабілетіне ие.
Назарбаев көптеген көшбасымен достық қарым-қатынас орната алды. Мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы болған кезде қырғи-қабақ соғыстың аяқталған тұсында Президент Назарбаевпен осындай байланысты жиі сезіндім. Ол жақын және жеке байланыс. Осылайша мен Нұрсұлтан Назарбаевқа біздің достығымыз үшін алғыс айтып, Қазақстанның көрнекті көшбасшысын құттықтағым келеді, - деп сөзін аяқтады Бейкер.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы