АҚШ-тың бұрынғы президенттері тәртіпсіздікке қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың бұрынғы президенттері Билл Клинтон, Екінші Джордж Буш және Барак Обама Вашингтондағы тәртіпсіздіктер туралы пікірлерін Twitter-дегі аккаунттарында жазды. 

Бүгін біз Капитолия мен  Конституциямызға, елімізге бұрын-соңды болмаған шабуылға тап болдық. Төрт жылдан астам уақыт бойы бұл шабуыл зиянды саясатпен қолдау тапты, ол жалған ақпарат таратып, біздің жүйеге сенімсіздік тудырады және америкалықтарды бір-біріне қарсы қояды. Мен әрқашан Америка  жақсы, лайықты адамдардан тұрады деп ойлайтынмын. Мен әлі де солай санаймын. Егер бұл рас болса, біз зорлық - зомбылықтан бас тартып, бірге алға жылжуымыз керек.Үкіметке халық пен Конституцияға адал болуымыз керек, - деп жазды Клинтон Twitter-де.

Екінші Джордж Буш жұбайы екеуі  ел Үкіметінің резиденциясында болып жатқан хаос көріністеріне қатысты  алаңдап отырғандарын айтты. 

Бұл жүрек айнытатын және жүректі ауыртатын көрініс.Демократиялық емес, банан республикасындағы сайлау нәтижелері осылай дауға ұшырайды. Сайлаудан кейінгі кейбір саяси көшбасшының ұқыпсыз мінез-құлқына және біздің институттарымызға, дәстүрлерімізге және құқық қорғау органдарымызға деген құрметтің болмауына таңғаламын.Капитолияға жасалған зорлық-зомбылық пен Конгресс отырысының бұзылуынқара ниетті және жалған үмітке алданған адамдардың іс әрекеті, - деп жазды Екінші Джордж Буш.

Ал Барак Обама Капитолияда болған зорлық-зомбылықты тарих ұмытпайтынын жазды. 

Мен бүгін президенттік партияның көптеген мүшелерінің батыл сөйлегенін көргеніме қуаныштымын. Олардың дауыстары Джорджия сияқты штаттардағы республикалық мемлекеттік және жергілікті сайлау шенеуніктерінің мысалдарын толықтырады, олар қорқытудан бас тартып, өз міндеттерін абыроймен орындады. Бізге осындай көшбасшылар қажет - дәл қазір және алдағы күндері, апталар мен айларда, сайланған президент Байден біздің саясатымыздың ортақ мақсатын қалпына келтіру үшін жұмыс істейтін болады. Біздің барлығымыз, американлықтар, партияға қарамастан, осы мақсатқа жету үшін оны қолдауымыз керек, - деді Обама.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы