АҚШ-тағы сайлау мен Еуропадағы локдаундар Қазақстанға қалай әсер етеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы онлайн өткен Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты.
Әлемде коронавирус жұқтыру санының күрт ұлғаюы мен АҚШ-тағы президент сайлауы аясында әлемдік қор нарықтарындағы белгісіздік пен құбылмалық артты. Еуропадағы акциялар наурыздан бастап ең күшті құлдырауды көрсетті. Инвесторлар карантин шаралары Еуроаймақты қосарланған рецессияға итермелеуі мүмкін деп алаңдап отыр. Қазанда АҚШ долларының қымбаттауына және дамушы елдер валюталарының әлсіреуіне алып келген АҚШ-тағы президенттік сайлаудың қорытындысына қатысты белгісіздік өткен аптада демократиялық партияның мүшесі Джо Байденнің жеңісі аясында төмендеді, - деді Досаев.
Ол атап өткендей, нарық бұл жаңалықты оң қабылдады.
Франция мен Германиядағы локдаундардағы енгізуді талқылау аясында қазіргі уақытта тауар нарықтарында төмендеу байқалды. Еуропаға мұнайды әлемдік тұтынудың 20 пайызы тиесілі. Егер осы екі елден басқа елдер қосылса, қараша-желтоқсан айларында мұнайды өңдеу сұранысы асып кетуі мүмкін. Бұл ОПЕК-ке қысым көрсетеді. 2021 жылдан бастап мұнайды өндіру жоспары қайта қаралуы мүмкін, - деді ол.
Досаев атап өткендей, Еуроодақ елдерінде коронавирус елдеріндегі айтарлықтай өсуі қазанның соңында байқалды.
Кейіннен қарашада шектеу шаралары қабылданды. Осыған байланысты қарашада экономикалық белсенділіктің қысқаруы күтіледі. Қазақстанда іскерлік белсенділік индексі биылғы қазанда өнеркәсіп және көрсететін қызметтер саласындағы өсу есебінен 47,6 тармақтан 48,8 тармаққа көтерілді. Құрылыста көрсеткіш 47,6 тармақтан 1,5 тармаққа қысқарды. Қазандағы инфляция 7,1 пайызға жетті, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Негізгі капиталға 9,4 трлн теңге инвестиция тартылды – Дәленов
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы