АҚШ-та жолаушылар пойызының апатынан 3 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Монтана штатында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, 3 жолаушы қаза тапты. Тағы 50 адам жарақат алды. Бұл туралы Хабар24 жазды.

Апат Джоплин елді мекенінің қасында болды. Белгілі болғандай, жүйіткіп келе жатқан поезд жолдан шығып, 5 вагон аударылып қалған. Оқиға кезінде онда 147 жолаушы мен 13 экипаж қызметкері болған.

Пойыз Чикаогдан Сиэттлға бет алған екен. Қазір жапа шеккендерге көмек көрсетіліп, апаттың себептері анықталып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы