АҚШ-та вирустан бір аптада 18 мың адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкада өткен аптада 18 400 адам коронавирустан бақилық болды, деп жазады 24kz.
Дегенмен, бұл антирекорд емес. Өткен жылдың желтоқсанында АҚШ-та 78 мыңға жуық азамат көз жұмған. Сөйтіп, бұл індет басталғалы бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш болған еді.
Ал вирус жұқтыру деректеріне келер болсақ, ресми мәлімет бойынша соңғы жеті күнде ол 16,5 пайызға артқан. Науқастардың көптігіне байланысты бүгінде ауруханаларда бос орын жоқтың қасы. Қазірдің өзінде елде 126 мыңнан астам науқас қажетті ем-дом алып жатыр екен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
785 қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Келесі жаңалық
Қарулы күштерде ЖЖМ қызметіне қатысты нұсқаулық бекітіледі
Өзгелердің жаңалығы