АҚШ-та Трамп жақтастарының қарулы акция ұйымдастырмақ екені хабарланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Федералдық тергеу бюросы АҚШ құқық қорғаушыларын елде экстремистік қарулы қарсылық акциясы ұйымдастырылғалы жатқаны жайлы хабардар етті, болжам бойынша ол жексенбі күні өтеді, деп жазды centralasia.media ВВС-ге сілтеме жасап.
Капитолияны басып алғанға дейін бір апта бұрын жасалған қызметтік құжатқа сәйкес 16-20 қаңтар аралығында радикалдар Вашингтондағы Капитолиге ғана емес, астананың және штаттың өзге қалаларындағы әкімшілік ғимараттарына да шабуылдауы мүмкін делінген.
Мәліметке сәйкес, акцияларды ұйымдастырушы Boogaloo тобы. Ұйым билікке қарсы ашық қарсылық танытып, соңын азаматтық соғысқа ұластыру қажет деген мақсат ұстануда. Топ мүшелері 20 қаңтар күні болатын Байденнің инаугруациясына дейін және сол күні елдің әкімшілік ғимараттарына шабуалдауға үндейді.
ABC тілшісі Аарон Катерски өзінің Твиттердегі парақшасында тергеу бюросы қарулы топқа қатысты ақпаратқа қол жеткізгенін жазып, пікір білдірді. Ол егер Конгресс конситуцияға 25-ші өзгеріс енгізіп, президентті лауазымынан шешетін болса елде үлкен толқудың орын алатынын айты.
Елдің мемлекеттік Конгресінің демокараттар фракциясы Дональд Трапмты импичмент негізінде мерзімінен бұрын қызметтен босату жөнінде резолюция қабылдауға ұсыныс жасаған. Сондай-ақ конституцияға өзгеріс енгізу жөніндегі резолюцияны да ұсынған.
CNN ақпараты бойынша Ұлттық гвардияның басшысы Дэниел Хоканс Байденнің инаугурацияға дейін қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 15 мың адам жұмылдырылғанын айтқан.
Вашингтон қаласының мері инаугурация күні қалаға турист пен өзге қонақтардың келмеуіне үндеді.