АҚШ-та торнадо 100-ден астам адамның өмірін қиды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кентукки (АҚШ) билігі аймақтағы торнадо салдарынан құрбан болғандардың санын алдын ала есептеді. Бұл туралы «Интерфакс» хабарлады.

Кентуккиде 100-ден астам адам қайтыс болған болуы мүмкін, - деді губернатор Энди Бешир баспасөз мәслихатында. 

Ол қазіргі торнадолар сериясы мемлекет тарихындағы ең жойқын болғанын атап өтті.

Бешир Ұлттық ұланның 189 сарбазы зардап шеккендерді іздестіру және қалпына келтіру жұмыстарына көмек көрсетуге қатысқанын айтты.

Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден торнадодан зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырған болатын. Торнадо Кентуккидегі Amazon шам зауыты мен қоймасын, сондай-ақ Арканзастағы қарттар үйін қиратты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы