АҚШ-та Тәуелсіздік мерекесі кезінде 150 адам оққа ұшты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та Тәуелсіздік мерекесі тойланған күндері 400-ден астам атыс болып, 150 адам ажал құшты. Бұл туралы «Қару-жарақ зомбылығы архиві» зерттеу ұйымына сілтеме жасаған CNN телеарнасы хабарлады.
Ең көп өлім-жітім Нью-Йоркте тіркелген. Онда 3 күннің ішінде 26 адам оққа ұшқан. Жалпы бұл шаһарда биыл атыстан қаза тапқандар саны былтырғыға қарағанда 40%-ға өскен. АҚШ президенті Джо Байден 23 маусымда Қылмыспен күрес стратегиясын таныстырған еді. Ақ үй қаруды заңсыз сататындарды жауапкершілікке тартып, орталық үкімет тарапынан жергілікті құқық қорғау органдарына көмек көрсетуді ұсынған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Данияр Елеуіновтің келесі кездесуі қашан өтетіні анықталды
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы