АҚШ-та соңғы 5 жылда болмаған қар түсіп, төрт адам қаза болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та соңғы бес жылда болмаған қар түсіп, оның құрсауында қалған төрт адам қаза тапты, деп жазды mir24.tv.

Пенсильвания штатында қарлы боран кезінде 67 жастағы әйелді үсік шалып, көз жұмған. 


Ал Мериленд штатында боран салдарынан жол-көлік оқиғасы орын алып, үш адам мерт болды. 

Нью-Йорк пен Нью-Джерси билігі ауа райына байланысты төтенше жағдай жариялады. Оқу орындары жабылып, автобус пен темір жол қатынасы тоқтатылды. 


Синоптиктер қалың қардың соңы тасқынға ұласады деп қауіптенуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы