АҚШ-та қос мутацияланған штаммды вирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та мутацияға екі рет ұшыраған вирусты жұқтырған адам тіркелді. Бұл туралы centralasia.media жазды.
Стенфорд вирусологиялық клиникалық зертханасы мамандарының мәліметінше, вирустің жаңа штаммы Сан-Франциско бұғазы маңындағы тұрғыннан анықталған. Бұл вирусты жұқтыру ықтималдығы жоғары, жұқтырушымен тікелей байланыста болған тағы жеті адам бақылауға алынды және дереу оқшауландырылды.
Бұған дейін Үндістан үкіметі елде коронавирустың жаңа штаммы пайда болғанын ресми жариялаған болатын. Әзірге ел үкіметі Үндістан аумағындағы вирустың мутациясы мен оны өте жылдам таралу себебін анықтауға қауқарсыз болып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бұрынғы жемқор жұмысқа қабылданбайды
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы