АҚШ-та коронавирустың таралуы баяулап келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та коронавирусты жұқтыру көрсеткіші, сондай-ақ ауруханаға жатқандар саны төмендеп келеді.
Бұл туралы The Hill басылымының ауруларды бақылау және алдын алу орталығының директоры Рошель Валенскидің мәлімдемесіне сүйене отырып INTERFAX.RU хабарлады.
Біз қазір біртіндеп төмендеу траекториясына ойыстық, - деді Валенски.
Коронавирустың жаңа инфекцияларының тәуліктік саны 8 қаңтарда ең жоғары деңгейге жеткен.
Бірақ кейін 13,4%-ға төмендеді, - делінген хабарламада.
Орташа алғанда, 26 қаңтар мен 1 ақпан аралығында күніне 144 мың жаңа COVID-19 жағдайы тіркелді.
Ауруханаға жатқызу көрсеткішінің төмендеуіне байланысты алдағы апталарда өлім саны азая бастайды деп үміттенеміз, - деді орталық директоры.
АҚШ коронавирус инфекциясы мен өлім саны бойынша әлемде бірінші орында. Пандемия басталғаннан бері онда 27 миллионнан астам адамнан Covid-19 оқиғасы анықталып, 457 мыңы қайтыс болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирус: «Спутник V» вакцинасы халал ма?
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы