АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны былтырғыдан асып түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны былтырғыдан асып кетті. Егер былтыр індеттен 385 мың 345 адам көз жұмса, биыл қараша айында осындай көрсеткіш тіркелді, деп жазды Хабар24.

Ең көп өлім-жітім Миссисипи, Алабама және Нью-Джерси штаттарында. Жалпы Америка вакциналау науқанын қарқынды жүргізіп жатқанымен әлемде осы індеттен көз жұмғандар саны бойынша алда тұр. 

Бүгінге дейін мұндағы халықтың 60 проценті толық екпе салдырған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы