АҚШ-та атыс болып, 4 адам ажал құшты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Чикаго қаласында атыс болып, 4 адам ажал құшты, деп хабарлайды 24.kz.

Құрбандардың екеуі әйел, қалғаны – ер кісілер. Тағы 4 кісі жарақат алған. Полиция қанды оқиғаға байланысты ешкімнің қамауға алынбағанын айтады. Құзырлы органдар оққа ұшқандардың аты-жөнін жарияламай отыр. Үйде 2 жастағы бала болған. Абырой болғанда, ол зардап шекпеген. Қазір сәби уақытша арнайы мекеменің қамқорлығына берілді. Билік осы жазда атыс көбейеді деп қауіптенеді. Себебі ковид шектеулері жеңілдетіліп, аралас-құраластық артқалы тұр. 

Бұл қасіретті оқиға шаңырақтарды шайқалтып, бірнеше адамның басына қайғы әкелді. Бұл біз Чикаго бойынша қару-жарақ болатын зорлық-зомбылықты тоқтатуымыз үшін әлі қыруар іс атқаруымыз керек дегенді білдірсе керек. Заңсыз қаруға қарсы күресті күшейту керек, – дейді Чикаго мэрі Лори Лайтфуд.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы