АҚШ-та әрбір бесінші адам вакцина салдырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Американың әр бесінші тұрғыны коронавируске қарсы вакцинаны толық алып үлгірген. Бұл туралы АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының басшысы хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, екпе қабылдаған азаматтар «Пфайзер мен Байонтек» және «Модерна» өнімдерінің екі дозасын немесе «Джонсон энд Джонсон» компаниясы ұсынған бір реттік препаратты қабылдаған.
Өз кезегінде «Вашингтон Пост» газеті 101 миллионнан астам америкалықтардың екпенің бір данасын салдырғанын жазды. Бұл Құрама Штаттар халқының шамамен үштен бір бөлігі. Вакцина салу жұмыстары әлі де белсенді жүруде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өткен тәулікте 1229 адам коронавирустан емделіп шықты
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы