АҚШ пен Еуропада шектеу шаралары жазда жойылуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропа мен АҚШ-та коронавирусқа қатысты енгізілген шектеу шараларын жаздың соңында шешуге болады. Мұндай мерзімді америкалық  Pfizer компаниясымен бірлесіп коронавирусқа қарсы вакцинаны өндіруші BioNTech компаниясың бас директоры Угур Шахин болжады.

Бұл туралы centralasia.media жазды.

Оның айтуынша, ауру ошақтары болады, тіпті толқын қайталану мүмкін. Мутациялану жағдайы да орын алады. Бірақ бұл бізді қорқыта алмайды. Коронавирус жоқ болып кетпейді. Оны бақылауға алу үшін кемінде бір жыл керек. Бірақ жаздың соңында шектеу шаралы алынып тасталуы мүмкін, - деді ол.

17 наурызда Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Еуропада эпидемиологиялық жағдайдың күрт төмендегенін айтқан болатын. Бұл жағдай вакцинациялау қарқынының бәсеңдеуімен байланыстырылды.

Еуропада вакцинаның төрт түрін қолдануға рұқсат берілген. Janssen-Cilag, Pfizer, AstraZeneca және Moderna. АҚШ-та халықты и Pfizer мен Moderna вакцинасымен егу басталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы