АҚШ мемқызметкерлерге COVID-19 вакцинасын міндетті салғызуды жоспарлауда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Байденнің әкімшілігі мемлекеттік қызметкерлерге COVID-19-ға қарсы міндетті вакцинация жасауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды РИА Новости.

АҚШ әкімшілігі мемлекеттік қызметкерлерге міндетті коронавирустық вакциналарды енгізу мүмкіндігін зерттеп жатқандығын айтты.
Бұл (сұрақ) қазір қарастырылуда, егер сіз вакцинацияланбасаңыз, сіз тіпті мен ойлағандай ақылды емессіз, – деді Байден.
Бұған дейін америкалық CDC медициналық реттеушісі АҚШ-тың коронавирус кең таралған аймақтарында вакцинацияланған тұрғындарға да жабық жерде қорғаныс маскаларын киюді ұсынды.

Айта кетейік, Джон Хопкинс университетінің, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының және басқа да ашық ақпарат көздерінің мәліметтерінше, АҚШ-та коронавирусты жұқтырғандар саны 34,5 миллионнан асады, 611 мыңнан аса адам вирус салдарынан қайтыс болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы