АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары елордаға келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 20-21 тамызда Нұр-Сұлтан қаласына АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Дэвид Хэйл ресми сапармен келеді. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
Сапар барысында Дэвид Хэйл мемлекет, үкімет және ҚР СІМ басшылығымен кездеседі деп жоспарланған.«21 тамызда Орталық Азия мемлекеттерінің өкілдерінің қатысумыен С5+1 атты жоғары деңгейдегі форматты өткізу жоспарлануда. Іс-шара барысында сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамыту мәселелері, оларды шешу, өңірлік тәсілді талап ететін қауіпсіздік саласындағы сын-қатерлер мен қауіп-қатерлер талқыланады», - деді Смадияров.
СІМ ресми өкілі С5+1 форматы экономика, экология және қауіпсіздік салаларында Орталық Азия бес мемлекеті мен АҚШ арасындағы өзара іс-қимылдың көпжақты тетігі екенін атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы энергетика саласының дамуына оң баға берді
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы