АҚШ елімізге 53 млрд доллардан астам инвестиция салған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пен АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мозердің кездесуінде ынтымақтастықты тереңдету және дамыту перспективалары талқыланды.

Министр мен Елші тау-кен өндіру және қайта өңдеу секторларындағы АҚШ компанияларымен арадағы байланыстың қазіргі жағдайы мен оны тереңдету мүмкіндіктері, Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын дамыту жөнінде пікір алмасты.

АҚШ компаниялары - Қазақстан үшін ірі инвесторлардың бірі. Америкалық кәсіпорындар Қазақстандағы индустриялық секторлардағы маңызды жобаларды іске асыруға 53 млрд доллардан астам қаржы салды.

Бүгінгі таңда көлік, энергетика, медицина, инновациялар салаларында америкалық капитал салынған 700-дей бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.

Кездесуге ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері және АҚШ елшісінің экономика жөніндегі кеңесшісі Тимоти Тиммонс қатысты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы