АҚШ елімізді COVID-19-дан қайтыс болғандардың саны бойынша 20 елдің қатарына қосты. Шоранов жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да елдегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және вакцинация жүргізу барысы туралы өткен брифингте айтты.
Вашингтон университетінің денсаулық сақтау көрсеткіштері мен бағалау институты Қазақстанды коронавирустан қайтыс болғандардың саны бойынша 20 елдің қатарына қосқан. Америкалық ғалымдардың бұл көрсеткішіне қатысты пікірді Марат Шоранов білдірді.
Америкалық ғалымдардың коронавирус пандемиясы кезіңдегі өлім-жітімге қатысты статистикасының болуы орынды. Ғалымдардың деректерді зерттеуде статистикалық және әдістемелік тетіктерді қолдануы заңды. Алайда бізге аталған институттан ешқандай өтінім келіп түскен жоқ. Бірақ зерттеу жұмыстары көрсеткендей, бұл проблемаға барлық ел тап болды. Оның ішінде дамыған елдер де бар, - деді ол.
Шоранов атағандай, Ұлттық стататистика комитетімен бірлескен жұмыс жүргізілді.
Жалпы зерттеу бойынша бір жылда біздің елде 8 мыңнан астам адамның қайтыс болуы біздің деректер бойынша әсіреленген. Бұл көрсеткіш 28 200 жағдайды құрайды. Бізде де өзге елдердегі сияқты денсаулық сақтау саласына аса үлкен қысым түсті. Өткен жылдың мамырынан бастап қыркүйекке дейін біздің жүйеде қысым жоғары болды, - деді Марат Шоранов.
Ол атағандай, көп стационар провизорлық және карантин стационарларына ауысты.
Бұл жоспарлы медициналық көмектің қолжетімділігін төмендетті. Біз өз жұмысымызда ресми мәліметтерге сүйенеміз. Оны Ұлттық статистика бюросы заңнама аясында әзірлеген, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Таңбалыдағы таңғажайыптар
Келесі жаңалық
Ұлттық архивте ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Өзгелердің жаңалығы