16 Тамыз 2021 2021, 22:31

АҚШ 30 мың ауғандық босқынды қабылдауға дайын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ Ауғанстаннан арнайы визаны алуға үмітті 30 мың босқынды қабылдауға дайын.

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ Ауғанстаннан арнайы визаны алуға үмітті 30 мың босқынды қабылдауға дайын.

Бұл туралы CNN-ге Пентагонның баспасөз хатшысы Джон Кирби хабарлады.

Оның сөзінше, босқындар уақытша Техастағы Форт Блисс және Висконсин-дегі Форт Маккой базаларына орналастырылады.

Айта кетейік, Албания және Солтүстік Македония ауғандық босқындарды АҚШ есебінен қабылдауға дайын екендерін мәлімдеді.

Бұған дейін Канада 20 мың ауған босқынын қабылдауға ниеттеніп отырғаны хабарланды.