«Акселератор Нұр-Сұлтан» атты жаңа бағдарлама іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Seedspace Nur-Sultan» инновациялық алаңында «Акселератор Нұр-Сұлтан» ресми түрде іске қосылды.
Бұл әкімдіктің тұрғындармен жасайтын жұмысын айқын көрсететін, елдорданың белсенді тұрғындарын, бақыланатын құрылымдарды, жекеменшік компанияларды қаланың тіршілігін қамтамасыз ету мәселелерін шешуде біріктіретін ортақ алаң. Акселератордың назарында астананың әрбір тұрғынын мазалайтын 3 маңызды мәселе тұр.Бұл – қоғамдық көлік, ПИК қызмет жасауы және елорданы санитарлық тазалау.
Бағыттардың әрқайсысы бойынша қаланың ағымдағы жағдайын жақсартуға ықпал ететін бірегей шешімдерді әзірлеу және енгізу, сондай-ақ алға қойған мақсаттарға 100 күнде қол жеткізу күтіледі. Қала әкім орынбасары Малика Бектұрова айтып өткендей, бұл бастаманың негізгі міндеті қалалық қауымдастықтың идеялары мен ұсыныстарын, түйткілді мәселелерін бірлесіп шешу болып табылады.
«Біз қалалық акселераторлардың халықаралық тәжірибесін қолданамыз, оған айқын мысал Дубай қаласы болып табылады. Бізде сынақ режимінде әкімдіктің өкілдері, белсенді қала тұрғындары және қоғамдық ұйымдардан құрылған штаб жұмыс жасайды, ол акселератордың бүкіл жұмысын жүйелендіреді және байланыстырады», - деді Малика Бектұрова.
Акселератордың жұмыс нәтижелері арнайы www.nursultansmartaccelerator.com сайтында және Smart Astana мобильдік қолданбасында жарияланатын болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Теміртауда ауа сапасы нашарлайды
Өзгелердің жаңалығы