Ақсақалов биыл СҚО-да қанша жұмыс орны ашылатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов айтты.

Облыста былтыр 12 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Биыл 7 мың жұмыс орны ашылады. Жыл соңына дейінгі жоспар 12 мыңды құрап отыр. Елбасының тапсырмасы бойынша облысты дамыту бойынша кешенді жоспар жүзеге асты. Кешенді жоспардың екінші кезеңін Президент қолдады. Осының нәтижесінде облыс бюджеті біршама өсті, - деді Ақсақалов.

Оның айтуынша, былтырмен салыстырғанда облыстың қазынасы 25 пайызға артқан.

Облыс 5 жылда 500 млрд теңге көлемінде республикалық бюджеттен көмек алады. Ол әртүрлі бағытты дамытуға бағытталады. Ең басты міндеті – адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту. Әсіресе, ауыл тұрғындарының жағдайын арттыру басымдықта тұр. Биыл 115 ауылдың жағдайын жақсарту үшін 17 млрд теңге бөлінеді. Ауылдарда мектептер мен ауруханалар жаңартылады, - деді облыс әкімі.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы