Ақмолалық боксшы халықаралық турнирде жеңіске жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмолалық боксшылар Ақтауда өткен халықаралық турнирде алтын және қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Ақмола облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина мәлім етті.
Ақтауда бокстан КСРО спорт шебері, қазақстандық бокстың негізін қалаушы Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған ересектер арасында XIII Халықаралық турнир аяқталды.
Ақмола облысының боксшылары келесі нәтижемен өнер көрсетті: Оразбек Асылқұлов чемпион атанды, ал Тимур Қабдешов қола медальға ие болды.
Сонымен қатар Махабат Большина спортшылардың ұлттық құрама сапына кіргенін, Сербияда өтетін әлем чемпионатына дайындықты бастайтынын хабарлады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирус: Қытайда «дельта» штаммы өршіп кетті
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы