Ақмолада жылжымалы егу пункттері ашылды
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында қарапайым тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакцинамен тегіс қамту үшін егу пункттері ірі кәсіпорындар мен сауда үйлерінде ашылуда.
Облыстағы емханалар жанында 24 егу пункті 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Вакцина температура тепе-теңдігін «сақтайтын» белсенді жылу контейнерлерінде сақталады.
Жақында «Гормолзавод» кәсіпорнының қызметкерлері жаппай вакцина алуға ниет білдіріп отыр. Қызметкерлер емханаға барып уақыт уақыт өткізбес үшін қызмет орнында екпе алатын болады. Көкшетаудағы «Тыныс» зауыты мен Біржан сал ауданындағы «Семізбай U» уран өндіру және қайта өңдеу компаниясы да жұмыс орындарында екпе алады. Бұл таңнан кешке дейін жұмыста жүретін адамдар үшін ыңғайлы. «Семізбай U» компаниясында жұмысшылар вахталық әдіспен еңбек етеді. Олардың өздерін және отбасыларын қауіпсіздендіру ниеті түсінікті, - деп атап өтті облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина.Көкшетаудағы «РИО» сауда-ойын-сауық орталығында жылжымалы мобильді егу стансасы жұмыс істейді. Вакцина алғысы келетіндер алдымен дәрігердің тексеруінен өтіп, келісім парағын толтырады. Вакцина алған соң тағы жарты сағат бойы дәрігерлердің бақылауында болады. Содан кейін тағы үш күн учаскелік дәрігер онымен хабарласып, жағдайын нақтылайды.
Вакцинация үшін еш күмәнданбадым. Дәрігердің тексеруінен өтіп, екпе салдырдым. Біз балалармен тығыз байланыста жұмыс істейміз, сондықтан өз денсаулығымыз үшін жауапкершілікті сезінуіміз керек. Екпе салдырғандар көбейсе, соғұрлым біз қалыпты өмір ырғағына тезірек ораламыз, - дейді №2 мектеп-лицейінің директоры Гүлнар Әбдіқасымова.
Өңірдегі мобильді егу стансалары прокуратура органдарына, Мемлекеттік кірістер департаментіне барды.
Көп адам екпе егудің пайдасы жөнінде дәрігерлердің жан-жақты түсініктеме беруін сұрайды. Әлеуметтік желілерде вакцина туралы жағымсыз ақпараттар бар, сондықтан тұрғындардың алаңдауы түсінікті. Облыста шамамен 733,5 мың тұрғын бар. Алдағы жартыжылдықта вакцинаның 85 мың дозасы күтілуде. Әзірге қарағандылық «Спутник» бойынша 85 мың дозаны біз бірінші жартыжылдықта алуға тиіспіз, - деп нақтылады Айнагүл Мусина.
Оның мәліметінше, бүгінгі күні Ақмола облысына вакцинаның 9 900 дозасы төрт кезеңде келіп түсті. Наурыз айының соңында тағы 3 700 доза алынды. Ол коронавируспен сырқаттану тұрғысынан ең қолайсыз аймақтар – Көкшетау мен елордаға жақын Целиноград ауданына бөлінді.
Сәуір айында облысқа 52 мың доза вакцина жеткізіледі деп күтілуде. Алғашқы компонентпен 9 257, екінші компонентпен 4,5 мыңнан астам ақмолалық егілді. Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны барлық адамдар ала алады.
Бүгінде өңірде 24 егу пункті жұмыс істейді. Бірақ вакцинаның 52 мың дозасы күтілетінін ескере отырып, біз олардың санын 68-ге дейін арттырамыз. Мысалы, оларды ХҚКО мен Науан хазрет орталық мешітінде егу пунктін ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Облыстың бас имамының келісімі алынды. Сондай-ақ, орталық базарда да мобильді егу пунктін ашу көзделуде, - деп толықтырды бас санитарлық дәрігер.Эпиджағдайға қарамастан аудандарда жүзге жуық мобильді егу бригадасы жұмыс істейді. Күніне қырыққа жуық адам екпе алады. Бұл қалыпты норма болып есептеді. Себебі кабиналар желдетіліп, дәрігерлер мен медбикелер алмасып отыруы керек.
Жаппай иммунитет қалыптасуы және шектеу шаралары алынып тасталуы үшін халықтың 60 пайыздан астамы егілуі керек.
Барлық медицина қызметкері қауіпті инфекцияның қаншалықты тез таралып жатқанын жақсы біледі. Пандемияның алғашқы толқыны кезінде аппараттарсыз дем ала алмайтын ауыр науқастар көп болды. Коронавирустың нақты емі жоқ, бірақ инфекцияның алдын алатын вакцина бар. Тұмауға қарсы егу басталған кезде де бас тартушылар болды. Ал қазір вакцина жетіспейді, жыл сайын екпе жасатқысы келетіндер көп. Бұл кез келген инфекцияның алдын-алудың тиімді әдісі. Уақыт өте келе КВИ вакцинациясы да үйреншікті жағдайға айналады, - дейді №1 қалалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары Әйгерім Кәрімова.
Иммунитетті қалыптастыру үшін 56-57 күн қажет. Осы уақыт аралығында мамандар карантин ережелерін сақтауға кеңес береді: адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу, бетперде киіп, антисептик пайдалану.