Ақмолада полицейлер арнайы техниканың қысқы кезеңге дайындығын тексерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмолада полицейлер арнайы техниканың қысқы кезеңге дайындығын тексерді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен жол және коммуналдық ұйымдардың қысқы кезеңде автомобиль жолдарын күтіп ұстауға әзірлігіне комиссиялық тексеру жүргізілді.
Қысқы кезеңде жол төсемін жауын-шашыннан тазарту жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Біздің қызметкерлер жанқиярлықпен, нөлдік көріну жағдайында жаяу қар құрсауында қалған жүргізушілерге жолды көрсетті.
Ауа райының нашарлауына байланысты республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың әртүрлі учаскелерінде көлік құралдары қозғалысының 34 жабылуы өткізілді, онда күн сайын 80-нен астам бекет қойылды, 100-ден астам қызметтік автокөлік және 200-ден астам қызметкер жұмылдырылды, – деп атап өтті Полиция департаментінің бастығы Баймурзин.
Айта кету керек, Полиция департаментінің қызметкерлері жол апатынан зардап шеккен азаматтарға жиі көмекке келеді. Қауіпсіз жүру үшін 5666 автокөлік колонналарына 46 сүйемелдеу ұйымдастырылды. ТЖД қызметкерлерімен бірге 528 адам, оның ішінде 90 бала құтқарылып, эвакуацияланды. Жылыту пункттеріне 310 адам жеткізілді, оның ішінде 41 бала. Қар көшкіндерінен тазартылған жол учаскелеріне 290 бірлік көлік сүйрелді.