Ақмолада «Отбасы ағашын отырғыз» акциясы өтті

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмолалықтар Халықаралық Отбасы күніне орай ұйымдастырылған «Отбасы ағашын отырғыз» акциясына белсене қатысты.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, сондай-ақ «Киелі табиғат» республикалық жобасы аясында Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығы «Ең бақытты ел» қоғамдық қорымен бірлесіп «Отбасылық ағашын отырғыз» акциясын өткізді.

Акцияның мақсаты - отбасылық дәстүрлерді нығайту, тұрғындарды эко-саналы өмір сүруге және табиғатты қорғауға үндеу. Іс-шара Көкшетау қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған «Үміт Шаңырақ» үйінің аумағында өтті. Осы акция аясында 5 көпбалалы және жас отбасы шырша көшеттерін отырғызды.


Бұған дейін Ақмола жастары экология департаментімен бірлесіп Көкшетау-Щучинск тас жолының бойына 100-ден астам шырша көшеттерін отырғызды.

Аталған іс-шара отбасылық дәстүрлер мен экологиялық акцияны жандандыру идеясын қолдауға ғана емес, сонымен қатар Көкшетау қаласының пансионаттарын көгалдандыру мен абаттандыруға назар аударуға бағытталған. Осы акция арқылы біз облыс тұрғындарын «отбасы ағашын» отырғызып, отбасылық қарым-қатынастарды нығайтуға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға шақырамыз. Акцияға қатысып, қолдау көрсеткені үшін барлық отбасыларға алғысымды білдіремін, - деп атап өтті Ақмола облысының жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мәнсия Есекеева.
Көгалдандыру акциясы аясында Көкшетауға кіре беріс аумақта қарағай көшеттерін егу жұмыстары жалғасуда. Ақмола облыстық экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Ержан Ахметовтің айтуынша, көшеттерді сатып алуға облыс кәсіпорындары көмек көрсетуде.
Өңірдегі «Көкше-Цемент» ЖШС өкілдері 100 көшет әкелді. Осы аумақта 500-ге жуық қарағай көшеттерін отырғыздық. Жыл соңына дейін облыстың әртүрлі елді мекендеріне мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызуды жоспарлап отырмыз, - дейді Ержан Ахметов.

Оның айтуынша, кәсіпорын «Birge – taza Qazaqstan» республикалық акциясын қолдай отырып, «Бұланды» орман шаруашылығында 100 қарағай көшетін сатып алған.

Аумақты көгалдандыру - пайдалы іс, біздің серіктестік оған бірінші жыл қатысып отырған жоқ. Өткен жылы біз зауыт аумағында осыған ұқсас акция ұйымдастырдық, онда мыңнан астам түрлі ағаш көшеттері, бес мың түп тал отырғызылды. Ал биыл республикалық акцияға біздің отызға жуық қызметкеріміз қатысты. Көшет отырғызу-көгалдандыру бойынша үлкен жұмыстың басы ғана, - дейді Ержан Ахметов.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы