Ақмолада мектеп-интернатының директоры қызметінен шеттетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен Степногор қаласының Бөгенбай батыр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде кәмелетке толмаған тәрбиеленушілер арасындағы келеңсіз жағдайға байланысты көшпелі кеңес өтті.
Оның қорытындысы бойынша өңірдің бірқатар шенеуніктерін тәртіптік жауапқа тарту мәселесін қарау тапсырылды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеңес барысында резонанс тудырған оқиға хронологиясын зерделеудің алдын ала нәтижелері туралы құрылған облыстық комиссияның ақпараты тыңдалды.Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан оқиғаның биыл 21 қазанда болғаны анықталды. 8-сынып оқушысы 7-сыныптың екі оқушысын жатақхана бөлмесінде ұрып-соққан. Ал, оның сыныптасы бұл әрекетті телефон камерасына жазған. Сол күні кешке аралау барысында мектеп психологы түсірген оқушыдан бейнежазбаны тауып, ол туралы мектеп әкімшілігіне хабарлайды. Өз кезегінде, мектеп-интернат директоры оқиға жайында уәкілетті органдарды, құқық қорғау құрылымдарын, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияны хабардар етпестен, қазан айының 29-ында осы оқиғаға қатысы бар оқушыларды мектептен шығарып жіберген, - деп атап өтті ведомстводан.Қоғамдық резонанс тудырған бейнежазбаны 12 қарашада қалалық паблик әкімшісіне зардап шеккен балалардың ата-анасы берген, ал ол болса, Степногор қаласының әкімдігіне хабарлаған. Жергілікті атқарушы орган 13 қарашада БАҚ-ты тарта отырып, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның шұғыл кеңесін өткізді.
Олимпиадалық резерв мектебінде болған бұл келеңсіз жағдай үлкен алаңдаушылық тудырады. Спортшылар әрқашан өздерінің командалық рухымен, әлсіздерді қолдауымен және көмегімен ерекшеленеді. Бұл мектепте, көріп отырғанымыздай, мұның бәрі жоқ. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жұмысына ресми көзқарас та бар. Бұл оның бақылаусыздығы мен салғырттығы, бұл қайғылы оқиғаларға әкелді. Мен комиссияның белгілі бір шешімдер қабылдағанын, кейбір лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапқа тартылғанын білемін. Сонымен қатар, бұл жеткіліксіз деп санаймын, - деп түйіндеді Ермек Маржықпаев.Көшпелі кеңес қорытындысы бойынша дене шынықтыру және спорт басқармасына Бөгенбай батыр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің директоры Тұрсынбай Тоққожиновтың атқаратын лауазымына сәйкес келмеу мәселесін қарау тапсырылды, ал облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсет Бүкібаевқа функционалдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды.
Дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, қазіргі кезде аталған мектеп-интернат-колледжінің директоры Тұрсынбай Тоққожинов қызметінен шеттетілді.
Сондай-ақ Степногор қаласының әкіміне әлеуметтік салаға жетекшілік ететін, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық комиссияның төрағасы болып табылатын әкімнің орынбасары Гүлназ Әбілованы тәртіптік жауапқа тарту туралы мәселені қарау тапсырылды. Полиция департаментіне және прокуратура органдарына егжей-тегжейлі тергеу жүргізу, барлық кінәлілерді қолданыстағы заңнама шеңберінде жауапқа тарту, аумақтық қызметтермен жасалған құқық бұзушылықтарды уақтылы мониторингілеу және хабарлау бойынша пысықтау, тергеу іс-шараларын жүргізу кезінде заңдылықтың толық сақталуын бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.
Бүгінгі таңда Ақмола облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 141-ші бабы «Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» және 194-ші баптың 2-ші бөлігі «Бопсалау» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге кәсіби және тәуелсіз психологтар тартылды. Аталған мәселе бойынша кешенді тексеру жалғасуда, - деп түйіндеді әкімдіктен.