Ақмолада аудан әкімі жол апатынан қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тарасов ауылдық округінің әкімі жол апатынан қаза тапты, деп мәлімдеді Жақсы ауданының әкімдігі.
Ақмола облысы ПД атап өткеніндей, қайғылы оқиға 14 желтоқсанда Атбасардан 20 шақырым жердегі «Екатеринбург-Алматы» автожолында болған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, «DAF» маркалы автокөліктің жүргізушісі, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғыны көлікті басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, «Ваз-21214» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. «Ваз-21214» көлігінде отырған Державин қаласының 51 жастағы тұрғыны алған жарақат салдарынан оқиға орнында қайтыс болды, - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Сараптама тағайындалды. «DAF» автокөлігінің жүргізушісі УҰИ-ға қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы