Ақмолада 5 мың отбасы баспаналы болады
Ақмола, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола өңірінде тұрғын үй құрылысына зор серпін беріліп отыр. Биыл "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 5 мың отбасы баспанамен қамтылады деп күтілуде.
"Нұрлы жер" бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған екі жыл ішінде облыста 900 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Осылайша 8 мың отбасы баспаналы болды.
Ақмола облыстық құрылыс басқармасының жетекшісі Марат Әубәкіровтің мәлімдеуінше, биыл облыста тұрғын-үй құрылысына 11,4 млрд теңге қарастырылған.
Өңірде "Нұрлы жер" бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда. Соңғы екі жылда 20 арендалық үй салынды. Сондай-ақ, облыс аймақтарында 23 арендалық үйлер құрылысы жүруде. Осы уақыт ішінде 235 пәтерлік бес үй тұрғызылды. Пайдалануға берілетін 618 пәтерлік 14 үйдің 148 көпбалалы отбасыларға арналған. Биыл облыста 501 мың шаршы метр үй, яғни, 5 мың пәтер беріледі. 84 аз қамтылған көпбалалы отбасылар баспанамен қамтылады деп күтілуде. 148 көпбалалы отбасыларға Көкшетау мен Степногорск қалаларында, Атбасар, Бұланды, Шортанды аудандарында арендалық үйлер салынады. 36 аз қамтылған отбасылар үшін Степногорск қаласы мен Ақкөл, Аршалы, Атбасар, Бұланды, Бурабай, Есіл, Зеренді, Целинорад аудандарынан тұрғын үйлер сатып алынады. Өңірдің бес ауданында 19 кредиттік көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда, – дейді Марат Әубәкіров.Оның айтуынша, биыл өңірде 15 білім беру, 6 денсаулық сақтау, 4 спорт нысандарының құрылысы жүруде. Соңғы жылдары облыста құрылыс саласы қарқынды дамып келеді. Мұның өзі елдің экономикалық, әлеуметтік жағдайының арта түсуіне тікелей әсер етуде.
Көкшетаудың солтүстігінде "Сарыарқа" шағын ауданы салынып жатқаны белгілі. Биыл бұл аумақта инженерлік желілерді тарту жұмыстары аяқталады. Қазіргі күні 4 құрылыс компаниясы жұмыс істеуде. Алдағы уақытта 1200 орындық жаңа мектеп, екі балабақша салынатын болады. Өңірде жастарды қолдау мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралардың бірі баспанамен қамтуға қатысты болып отыр. Көкшетаудың солтүстігіндегі "Сарыарқа" шағын ауданында "Жас отбасы" бағдарламасы бойынша 200 пәтерлік жаңа тұрғын үй құрылысын "Регион строй" ЖШС жүргізетін болады. Бұрын жылына екі-үш үйден бой көтерсе, бүгіндері жылына 12-18 үйден салынуда. Бұл облыс орталығы үшін жоғары көрсеткіш. Мұның барлығы баспана мәселесін оңтайлы шешуге мүмкіндік береді, – дейді басқарма жетекшісі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Марат Тәжин жаңа қызметке тағайындалды
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы