Ақмола облысының тұтынушыларына жылу үшін алынған 5 млн теңге қайтарылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті жылу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеуге талдау жүргізді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Табиғи монополиялар туралы заңнамаға (26-бабының 2-тармағының 11) тармақшасы) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген тарифтерді қалыптастыру қағидаларына (10-тарауының 1-параграфы) сәйкес, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеуге талдау жүргізді, - делінген ақпаратта.
Қайта есептеу 10 табиғи монополия субъектілері бойынша белгіленген.

Ақмола облысы бойынша ТМРКД-ы тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында, қайта есептеуді жүргізу туралы талаппен субъектілердің атына хаттар жолдады.

Мәселен, Ақмола облысы бойынша 2020/2021 жылдардың өткен жылыту кезеңінде 10 субъект бойынша жалпы сомасы 5 880 500 теңгеге (ҚҚС-мен) жылу энергиясы үшін төлем қайта есептелетін болады, оның ішінде:

- «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК-ы бойынша – 290 560 теңге (ҚҚС есебімен);

- «Степногорск Энергосбыт»  ЖШС-ы бойынша - 511 659 теңге (ҚҚС-мен);

- «Коммунсервис» ШЖҚ  МКК-ы бойынша - 710 440 теңге (ҚҚС-мен);

- «Теміржолсу-Көкшетау» ЖШС-ы бойынша - 25 577 теңге (ҚҚС-мен);

- «Котельная АСИ»  ЖШС-ы бойынша - 20 620 теңге (ҚҚС-мен);

- «Жастар Атбасар» ЖШС-ы бойынша - 93 850 теңге (ҚҚС-мен);

- «Есіл горкомхоз» ШЖҚ МКК-ы бойынша - 2 912 380 теңге (ҚҚС-мен);

 - «Комхоз» ШЖҚ МКК-ы бойынша - 524 793 теңге (ҚҚС-мен);

- «Ақкөл-горкомхоз» ШЖҚ МКК-ы бойынша - 787 600 теңге (ҚҚС-мен);

- «Бурабай тазалық» ШЖҚ МКК-ы бойынша - 3 017 теңге (ҚҚС-мен).

Осылайша, жоғарыда көрсетілген субъектілердің тұтынушыларына қайта есептеу 2021/2022 жылдардағы жылу беру кезеңінің басына алдын ала төлем түрінде дербес шоттарға есептеу немесе реттеліп көрсетілетін жылумен жабдықтау қызметіне есептеуді азайту жолымен жүргізетін болады.

Бұл ретте, 2020/2021 жылдардың жылыту кезеңі үшін қайта есептеу сомасының 2019/2020 жылдардың  жылыту кезеңі үшін қайта есептеуден төмендеуі, осы жылыту кезеңінде сыртқы ауа температурасының төмендеуіне, сондай-ақ  жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнататын тұтынушылардың ұлғаюына байланысты екенін атап көрсету қажет, - деп хабарлады баспасөз қызметі.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы