Ақмола облысының құтқарушылары 2 балықшыны эвакуациялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Үлкен Шабақты көлі ауданында екі ер адам қар құрсауында қалды, деп хабарлады Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Құтқарушылар азаматтарды Трэкол автокөлігімен Ақылбай ауылындағы туыстарына эвакуациялады. Оларға медициналық және психологиялық көмек қажет болған жоқ.

Жолдасым екеуміз - Көкшетау қаласының тұрғыны, зейнеткерміз, кеше түстен кейін балық аулауға шықтық. Бүгін таңғы сағат 9-дан бастап адасып кеттік. Алдымен өзіміз шығуға тырыстық. Содан кейін көлік жұмысын тоқтатты. Біз 112 нөміріне қоңырау шалып, көмек сұрадық. Құтқарушыларға тез ден қойып, көмекке келгендері үшін алғыс айтамыз, - деді балықшы Анатолий Демкин.

Ақмола облысы ТЖ департаменті ауа райының нашарлауына байланысты облыс тұрғындары мен қонақтарына елді мекендерден тыс жерлерге шықпауын сұрады.

SMS-ескертулерді елеусіз қалдырмаңыз, алыс сапарға жоспарлау жағдайында жақын арадағы кезеңге арналған ауа райы болжамын қараңыз, шұғыл қажет болған жағдайда теміржол көлігін пайдаланыңыз, - делінген ТЖД хабарламасында.

 Айта кетейік, ауа райының нашарлауына байланысты алты өңірде жол жабылып, сегіз өңірде ескерту жарияланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы