Ақмола облысындағы мектептердің бірінде өрт шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  26 қазанда, яғни бүгін түнде Зеренді ауылының мектебіндегі 40 шаршы метр алаңда жаттықтырушы кабинеті өртенді, жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бұл туралы Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. 

Өрт 02.05-те ауыздықталып, 15 минут ішінде сөндірілді. Өрт алаңы 40 ш.м. құрады, өрт кезінде жаттықтырушының бөлмесі бүлінген. Өрттің себептері анықталуда.

Білім басқармасының ақпараты бойынша, «Зеренді ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ оқу үдерісі апта соңына дейін онлайн режимге өтеді. Оқиға орнында Ақмола облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ ММ АЖЗЖ жұмыс істейді.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті барлық тұрмыстық электр аспаптарының ақаусыздығы мен тазалығын бақылау қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ электр құрылғыларын орнатуға және оларды жөндеуге тек мамандарды тартуды ұсынады. Тек осы жағдайларда ғана электр құрылғыларынан өрттің шығу мүмкіндігі болмайды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы